Чамға «Қазақстан Республикасы 25 жылдық медалы» табыс етілді.

Түрік әлемінен жаңалықтар-42

Чамға «Қазақстан Республикасы 25 жылдық медалы» табыс етілді.

 

Бағдарламамызды Анкарадан  келген бір хабармен бастайық.

«Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА төрағасы Сердар Чамға Қазақстан тәуелсіздік медалы» атты хабарымыз мынадай: Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой бас хатшысы Проф.Дүйсен Қасейінов Түркі Республикаларының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА төрағасы Сердар Чамға «Қазақстан Республикасы 25 жылдық медалын» табыс етті.

ТИКА Басқару орталығында ұйымдастырылған рәсімге Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой бас хатшысы Проф. Дүйсен Қасейінов, ТИКА төрағасы Сердар Чам, Түріксой бас хатшысы орынбасары Фырат Пурташ, Түріксойдағы Әзірбайжан мемлекеті өкілі Елчин Гафарлы, Түріксойдағы Қырғызстан мемлекеті өкілі Хожагелді Кулуев және ТИКА орынбасарлары қатысты.

Түріксой төрағасы Қасейінов бұл жерде сөйлеген сөзінде Түркия мен Қазақстан ынтымақтастығының түрлі жобалармен жүргізілгенін, сондай-ақ жобалардың маңызды бөлімінің де ТИКА тарапынан жасалғанын білдірді.

Қасейінов «Түркі әлемінде жәрдем дегенде адамдардың естеріне алдымен ТИКА келеді» деді.

ТИКА Төрағасы Сердар Чам осы құрметті медальды алуға орай мақтаныш сезінгенін білдіріп: «Бұдан кейін және бұдан бұрын болғандай Қазақстан және Түркі әлемі үшін құлшына жұмыс істейтінім жөнінде уәде беремін» деген сөздер қолданды.

Түріксой төрағасы орынбасары Фырат Пурташ та атылмыш медальдің Қазақстан Президентінің шешімімен берілгенін, сондай-ақ осы медальден Түркияда тек 6 адамға ғана берілгенін және осы адамдардың медальге лайық екенін білдірді.

Қазақстандағы ең маңызды ТИКА жобасы осы таңға дейінгі ең көлемді реставрация жобасы  Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Түрік-Ислам әлемінің рухани ғұламасы   Қожа Ахмет Ясауидің Түркістан қаласындағы кесенесінде ең үлкен реставрациясы жасалды. Осылайша Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Түркістан қаласының 1500 жылдығында екі ел президенті тарапынан зияратқа ашылды.

Ендігі хабарымыз Қазақстан жайлы.

Астанада Түркі әлемінің математика қоғамының VI Конгресі болып өтті.

Айтулы халықаралық шараға 20 елдің 100-ден астам көрнекті ғалымдарын қоса алғанда, барлығы 500-ден аса адам қатысқан. Конгресстің ғылыми секциялары математиканың барлық негізгі бағыттарын қамтыды. Төрт күн ішінде ғалымдар алгебра және математикалық логика, геометрия және топология, функция теориясы, дифференциалды теңдеулер мен математикалық физика, түркі халықтарының математиканы оқыту тарихы мен әдістемесі сияқты бағыттар бойынша өзекті мәселелерді талқыға салды.

Сондай-ақ, Конгресс барысында түркітілдес елдердің математикалық қоғамы басқармасының отырысы болды. Онда қоғамның жаңа құрамы сайланған болатын. Қатысушылар бірауыздан академик Бақытжан Жұмағұловты түркітілдес елдердің математикалық кеңесінің келесі мерзімге президенті етіп сайлап, келесі Конгресстің өтетін орнын анықтады. Түркі әлемінің математика қоғамының VIІ Конгрессі Өзбекстанда болады деп шешілді. Конгресс жұмысының қорытындысы бойынша математика ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан жетекші ғалымдар мен жас математиктер дипломдармен марапатталды.

Айта кету керек, Түркі әлемінің математика қоғамының конгресстері 3 жылда 1 рет өтеді. Алғашқы Конгресс 1999 жылы Түркияда өткен болатын.

Уфа қаласындағы бір жаңалыққа орын берейік.

2017 жылы 7-8 желтоқсан күндері аралығында Уфада Башқұрт ұлттық баспасөзінің 100 жылдығына орай Халықаралық баспасөз конференциясы ұйымдастырылады.

Мағлұматтарға қарағанда конференция Ресей Федерациясы білім беру және ғылым министрлігі мен Башқұртстан баспасөз және жаппай коммуникация жабдықтары агенттігінің қолдауымен Башқұрд мемлекеттік университетінде өтеді.

Өтініш формалары 10 қараша күніне дейін қабылданатын конференцияда оқылатын мақалалар кейін кітап ретінде жарияланады.

Бағдарламамызды Өзбекстанмен аяқтаймыз.

Жаңалығымыздың тақырыбы «Өзбекстанның таза ұлттық кірісі 2017 мен  2018 жылы 6 пайыз артады».

Халықаралық валюта қоры IMF рапортында Өзбекстанның таза ұлттық кірісі биыл және келесі жылы 6 пайыз артатынына орын берген. Хабарға қарағанда IMF Өзбекстанның таза ұлттық кірісі  2017 мен  2018 жылы 6 пайыз артады деп болжаған.

IMF-тің жаңаланған World Economic Outlook рапортында бұдан бұрын Өзбекстанның дамуына байланысты статистика жорамалдарын өзгертпеді. IMF рапортында Өзбекстанның таза ұлттық кірісінің биыл және келесі жылы 6 пайыз артуын күткені баяндалды.

Өзбекстанның жылдық инфляциясының биыл 13 пайыз, келесі жылы 12,7 пайыз жүзеге асатыны жөнінде орын берілген рапортта инфляциядағы осы артудың валюта секторындағы реформаларға орай ұлттық ақшаның құнын жоғалтуына байланысты екені түсіндірілді.

Өзбекстан үкіметі таза ұлттық кірістің биыл 7,8 пайыз артуын жорамалдаса, жылдық инфляцияның болса11-12 пайыз болатынын межелеуде.

 



Ұқсас жаңалықтар