Болгар Ислам Академиясы ашылды

Түрік әлемінен жаңалықтар-37

Болгар Ислам Академиясы ашылды

 

Жаңалығымызды Татарстаннан  келген бір хабармен бастайық.

Татарстандағы Болгар Ислам Академиясы студент қабылдай бастады. Ресей Федерациясының Татарстан Республикасының тарихи Болгар қаласында ашылған Болгар Ислам Академиясы студент қабылдай бастады.

Академияда ұйымдастырылған ресми ашылу рәсіміне Татарстан Президенті Рустем Минниханов, Ресей Президентінің Еділ аймағы жауаптысы Михаил Бабич, Татарстан парламент төрағасы Ферит Мұхаметшин, Түркияның Қазан Бас консулы Турхан Дилмач, Ислам тарих, көркемөнер және мәдениет зерттеу орталығы бас директоры Халит Ерен, Ресей мұсылмандары орталығы аймақтық діни басқармасы төрағасы Талғат Тажеттин, Ресей Федерациясы мұсылмандардың діни басқару және муфтийлер кеңесі төрағасы Равил Гайнуттин, Татарстан муфтийі Камил Семигуллин және көптеген Татарстандық министр мен депутаттар қатысты.

Татарстан Президенті Рустем Минниханов ашылу рәсімінде баяндама жасады. Президент жасаған баяндамасында Ресей Президенті Владимир Путинге академияның құрылуына жасаған қолдауларына орай алғыс айтып, ашылудың әрі Ресей, әрі Татарстан тарихы үшін тарихи бір оқиға болғанын айтты.

Ресей Президентінің Еділ аймағы жауаптысы Михаил Бабич те Ресей Президенті Владимир Путиннің академия ашылуына жіберген құттықтау хатын оқыды.

Академияның Ресейде медресе және университеттен құралған екі сатылық діни білім беру жүйесінің үшінші тізбегін құрағанын айтқан Бабич осы таңға дейін Ресейде мұндай бір білім беру жүйесінің болмағанын, сондай-ақ Ресей мұсылмандарының шетелге бармай-ақ елдерінде ең жоғарғы деңгейде білім ала алатындарын атап өтті.

Түркияның Қазан Бас консулы Турхан Дилмач Анадолы хабар агенттігіне жасаған мәлімдемесінде Болгар Ислам Академиясының ашылуының өте маңызды екенін білдірді.

Дилмач «Болгар қаласы түрік халқының алғаш рет Ислам дінін қабылдаған бір қала болып табылады. Бұл Академия Ресейдің діни олқылықтарын толтырады және қажеттіліктерге жауап бере алатын діни ұйым болады. Түркия да Болгар Ислам Академиясымен қою ынтымақтастық ішінде болады» деді.

Ислам тарих, көркемөнер және мәдениет зерттеу орталығы бас директоры Халит Ерен де Болгар Ислам Академиясы кітапханасына Ислам дінінің алғашқы кезінде басылған бір Құран Кәрімнің бірдей нұсқасын сыйлады.

Болгар Ислам Академиясында 2017-2018 оқу маусымында 100 оқушы өтініш берді.

 

Ендігі хабарымыз Қазақстан жайлы.

Қазақстанның елордасы Астанада ұйымдастырылатын Сирия тақырыбындағы жиналыс 14-15 қыркүйек күндері өткізіледі.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі елорда Астанадағы алтыншы Сирия жиналысының 14-15 қыркүйек күндері өткізілетінін жариялады.

Министрліктен жасалған жазбаша мәлімдемеде жиналыста қақтығыссыз аймақтардағы қауіпсіздік күштердің жұмыстарын ретке салатын құжаттардың қолға алынатынын және Идлибтегі бақылау күштердің құруы жөніндегі жұмыстардың жалғасатынын баяндалды.

Қатысушылардың Идлиб, Хомус және Шығыс Гута аймақтарындағы қақтығыссыз аймақтардың шекараларын бекітетінін білдірген мәлімдемеде координация орталығы, ұстау және еркін қоя беру мәселесіне байланысты ортақ жұмыс тобы, мәйіттердің тапсырып берілуі және жоғалып кеткендердің ізделуімен байланысты жобаның да бекітілуі орын алды.

Мәлімдемеде тараптардың Сирияда ЮНЕСКО-ның мәдениет мұра тізіміндегі аймақтардың да миналардан тазалануы тақырыбында декларация қабылдайтынына тоқталды. 

Мәлімдемеде сонымен қатар Түркия, Иран және Ресейден құралған кепілгер елдердің 13 қыркүйекте де текникалық кездесулер өткізілетіні хабарланды.

 

Бағдарламамызды Татарстандағы мәдени іс-шараларымен аяқтаймыз.

Татарстанда 13-ші Халықаралық Қазан мұсылман фильмдері фестивалі болып өтті.

Бас қала Қазандағы Пирамида Мәдениет және ойын-сауық орталығындағы салтанатты жиын қатысушылардың қызыл кілемнен жүріп өтуімен басталды.

Татарстан президенті Рүстем Минниханов осында сөз сөйлеп, фестивальдің жыл өткен сайын беделінің артып отырғанын айтты.

Фестивальде Түркия атынан қысқа метражды фильм саласында «Қабырға» көрсетіледі. Сонымен бірге «Себебі махаббат», «Каландар суығы», «Бұрынғы жақсы күндердің соңы» атты фильмдер де көрсетіледі.

«Мәдениеттер диалогынан, диалогтар мәдениетіне» атты ұранмен ұйымдастырылған фестивальдің биылғы сайысына 27 елден 60 фильм қатысты. Фестиваль арқылы қауымдардың Ислам және мұсылмандар жөнінде дұрыс мағлұмат беруді нысаналауда.

Фестиваль 11 қыркүйек күні аяқталды.

 



Ұқсас жаңалықтар