Президент Ердоған Түрік Кеңесіне үн қатты

Қырғызстанның Бішкек қаласында жиналған Түркі тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі өз жұмысын бастады.

1041849
Президент Ердоған Түрік Кеңесіне үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркі тілдес елдердің өзара ортаға қоятын келіссөздер және ынтымақтастықтың, Халықаралық жүйенің әділетті түрде  жүргізілуіне үлес қосатынын атап  көрсетті.

Президент Ердоған Қырғызстан сапары аясында Рух Ордо Мәденеиет орталығында Қырғызстан президенті Сооранбай Жээнбековтың қонақжайлығында бас қала Бішкекте ұйымдастырылған Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі (Түрік Кеңесі) Мемлекет басшылары саммитіне қатысты.

6-шы рет ұйымдастырылған басшылар саммитінде бірлік пен ынтымақтастық шақыруы тастаған Ердоған «Соңғы кезеңде халықаралық дәстүрлер, мінез-құлықтар және ережелер аяусыз түрде бұзылған бір кезеңнен өтіп бара жатқанымызды, өкінішке орай атап айтқым келеді» деді.

Кейбір елдердің халықаралық мәселелердің шешімінде дипломатия, келіссөздер және көп тұсты ұстанымдар орнын қорқыту, шантаж және санкцияға қалдырғанын атап көрсеткен Ердоған «Сауда-экономикалық шектеулер, кеден салықтары және санкциялар сияқты құралдар арқылы ұзақ жылдардан бері қалыптасып келе жатқан келісімдер бірден мағынасыз болып көріне алады» деді.

Түркияның халықаралық қоғаммен ынтымақтасып келіссөзді, дипломатияны, әділетті және құқықты қорғауды жалғастыратынын атап көрсеткен Ердоған «Түркі тілдес елдердің өзара ортаға қоятын келіссөздер мен ынтымақтастық халықаралық жүйенің әділетті түрде  жүргізілуіне үлес қосады» деді.

Фетуллахшы террор ұйымының (FETÖ) бір кездері Түркиядағы сияқты әлемнің түкпір-түкпірінде оқу ордалары арқылы ұйымдасқанын атап көрсеткен Ердоған «Бастан кешкен қауіптер біздей достарымызға да FETÖ-мен күрес тақырыбында кешікпеу керектігін ашық түрде көрсетті» деді.



Ұқсас жаңалықтар