Қазақстан 66 миллион тонна мұнай экспорт етті

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 11 айда 66 миллион тонна мұнай экспорт еткендерін айтты.

1104550
Қазақстан 66 миллион тонна мұнай экспорт етті

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Аллабергенұлы Бозымбаев 11 айда 66 миллион тонна мұнай экспорт еткендерін айтты.

Бозымбаев Министрлер Кеңесі жиналысында жасаған баяндамасында қаңтар-қараша айларында энергетика секторында болымды жаңалықтар болғанын білдіріп, «Мұнай өндіруі болса өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 4,9 пайыздық артумен 82,4 миллион тонна болды» деді.

Бозымбаев «Мұнай экспорты 66 миллион тоннаға ұласты және бұл санақ өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 3,8 пайыз көп» деді.

Министр Бозымбаев елде рафинирленген мұнай көлемінің  15 миллион тонна болғанын және бұның да өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 8,6 пайыз көп екенін баяндады.

Қаңтар-қараша айларында мемлекетте 50,5 миллиард текшеметр табиғи газдың өндірілгенін және бұның өткен жылғы бірдей кезеңмен салыстырғанда 4,8 пайыз көп болғанын түсіндірген Бозымбаев «табиғи газ экспорты болса өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 14 пайыздық артумен 17,9 миллиард текшеметр болды» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар