Қазақстанда мұнай өндірісі

11 айда 7855 миллион тонна мұнай өндірілді.

867679
Қазақстанда мұнай өндірісі

Қазақстанда 2017 жылдың 11 айында 78,55 миллион тонна мұнай мен 48,2 миллиард текше метр табиғи газ өндірілді.

Қазақстан премьер-министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда,  биылғы жылдың қаңтар-қараша айлары арасында 78,55 миллион тонна мұнай өндірілді. Мұнай өндірісі көбіне Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ аймақтарынан жүзеге асырылды.

Хабарламада 2017 жыл үшін 83 миллион тонна мұнай өндіру жоспарланғаны,  63,65 миллион тонна мұнайдың экспортталғаны,  қалған 13,6 миллион тонна мұнайдың өңделіп,  ішкі нарықта қолданылғаны білдірілді.

Премьер-министрлік қаңтар-қараша айларынде елде 48,2 миллиард текше метр табиғи газ өндірілгенін хабарлады. Мұның 15,4 миллиард текше метрінің экспортталғаны атап көрсетілді.

Биылғы жылдың 11 айында елде барлығы 92,3 миллиард киловат/сағат электр қуаты өндірілгені айтылған хабарламада «Көмір өндірісі де 95,7 миллион тонна, уран өндірісі де 21 мың 169 тонна көлемінде жүзеге асты» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар