Иран президенті Рухани Қазақстанда

Екі күндік іссапармен Астанаға барған Рухани Қазақстан мемлекет басшысы Назарбаевпен кездесті.

119790
Иран президенті Рухани Қазақстанда

Иран президенті Хасан Рухани мен Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оңаша кездескеннен кейін баспасөз алдына шықты.

Назарбаев осында Солтүстік-Оңтүстік теміржолы желісінің Иранның Гүрген аймағына дейінгі бөлімінің қараша айына дейін аяқталатынын білдірді.


Назарбаев Қазақстан мен Иран ретінде Каспий теңізінде терминальдер салынуы тақырыбын талқылағандарын тілге тиек етіп, теміржолы желісінің де толық күшіне енуі арқылы Қазақстанның Иранға жылына 500 мың тонна бидай экспортының 2,5 миллион тоннаға шығатынын атап көрсетті.


Иран президенті Рухани болса екі ел арасында бұдан бұрын жүзеге асырылған шикі мұнайға мұнай мен газ өнімдерін айырбастауды қайтадан бастауды жоспарлап отырғандарын айтты.


Рухани Солтүстік-оңтүстік теміржолы желісі, мұнай-газ өнеркәсібі, егіншілік және құрылыс саласындағы ықпалдастық келісімдерінің жүзеге асуы арқылы екі ел сауда айналымының артатынын білдірді.


Иран Қазақстанға мұнай-химия өнімдерін экспорттап, Қазақстан да Иранға бидай мен темір өнімдерін сатып отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар