Еуразия тынысы 101
Ұшақ дағдарысы екі жақты ынтымақтастық тұрғысынан өте үлкен бір оқиға
Алдымен екі елдің экономикасы, яғни сыртқы сауда, туризм, мердігерлік қызметтері сияқты салаларға үлкен зиян келетін сияқты.
Кейбір мамандар Ресейдің экономикалық шығындарының өте жоғары, Түркияның болса орта мерзімде артатын шығындар ретінде ортаға шығатынын атап көрсетеді. Қысқаша айтқанда бұл дағдарыста ең көп шығын Ресей мен Түркияға түседі.
Дағдарыстан зардап шеккендер сияқты пайда көрушілер де аз емес. Асад режимі, ПЙД (PYD) террор ұйымы, армян диаспорасы, Израиль және батыс дағдарысты өз мүддесіне айналдыратындар десе болады.
Жақын аймақ саясатын белсенді түрде жүзеге асырған Ресей Түркияның да жақын аймақ саясатын байқауға тиісті еді. Сирия түрікмендері мен Түркияны тек қана шекара айырып отыр. Әйтпесе Түркия әр - қашан түрікмендердің кепілі болған. Басқа жағынан Сирия ішкі соғысы бүгін Еуропа үшін өте табысты бір мәселеге айналды. Ресей алғашқыда Сирияда табысты көрінсе де, ұзақ мерзімде жеңілгендердің қатарына қосылады.
Көптеген маманның болжамына қарағанда Түркия мен Сирия бұл дағдарысты өздері келісіп шешуге тиісті. Зиянның қай жерінен қайтса, өзіне пайда. Әзірбайжаннан бастап, Қазақстан және Қырғызстан да дағдарыстың шешіміне үлес қосуы мүмкін. Путин мен Ердоған стратегиялық деңгейге жеткізген Түркия-Ресей ынтымақтастығының бұдан кейін қалай түрленетіні тағы олардың қолында.