Түрік құрылыс фирмалары Африка елдеріне үлес қосты

«African Business» журналы түрік құрылыс фирмаларының құрлықта көрсеткен перформансына  назар аударды.

1379351
Түрік құрылыс фирмалары Африка елдеріне үлес қосты

Түрік құрылыс фирмалары Африка елдеріне үлес қосты.

Мөлшермен 40 жылдан бері Африкадағы іскер әлеміне байланысты анализ жариялаған «African Business» журналы түрік құрылыс фирмаларының құрлықта көрсеткен перформансына  назар аударды.

«African Business» журналы Түркияның соңғы жылдарда Африка елдерімен жүргізген экономикалық қарым-қатынастарына орын беріп, түрік фирмаларының қол жеткізген табыстарын мақтады

Журнал экономист  Nj Ayuk-тың «Түрік құрылыс фирмалары Африканың дамуына үлес қосуда» атты мақаласына орын берді. Мақалада түрік фирмаларының Қытайдан кейін құрлықта маңызды инфрақұрылым жұмыстарына қол таңбасын басқан елдердің алдыңғы қатарда екені түсіндірілді.

Мақалада Түркияның құрылыс саласында әлемде екінші орында болғаны жазылды. Мақалада сонымен қатар түрік құрылыс фирмаларының соңғы 30 жылда Орташығыс, Орталық Азия  елдері, Ресей және Сауд Арабиясына шоғырланғаны түсіндірілді.

Мақалада Түркияның Африка елдерімен болған сауда көлемінің 2003 жылы  5,5 миллиард долларында болса, осы таңда 23,8 миллиард долларға жеткені жазылды.

Мақалада «Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның құрлыққа көңіл бөлгенін көрсету үшін Африка елдеріне талай рет барды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар