Жапония Пәкістандағы бағдарламаларға 10.6 миллион доллар бөледі

Келісімге БҰҰ Даму бағдарламасы (UNDP), Әлем Азық-түлік бағдарламасы  (WFP) мен Жапония үкіметі арасында Исламабадта қол қойылды.

1149400
Жапония Пәкістандағы бағдарламаларға 10.6 миллион доллар бөледі

Жапония Пәкістанда нашар тамақтану күрес, өмір шарттарының жоғарлатылуы және табиғи апаттарға дайын болу тақырыптарында Біріккен Ұлттар Ұйымымен 10.6 миллион долларлық көмек беру келісіміне қол қойды.

Келісімге Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы (UNDP), Әлем Азық-түлік бағдарламасы  (WFP) мен Жапония үкіметі арасында Исламабадта қол қойылды.

Аталмыш келісімге сай,  жасалатын 10.6 миллион доллардық жәрдемнің 3.5 миллион доллары Хайбар Пахтунова уәлаятындағы 155 мың ана мен баланың нашар тамақтануымен күресу саласында қолданылады.

Аталмыш уәлаятта тұратын ауған аналар мен балалар да жәрдемнен пайдаланады. 

Жәрдемнің 3.5 миллион долларлық  бөлегі тайпалар аймағы ретінде танымал Пәкістанның қалған өңірлерінде  өмір сапасын жақсартуға байланысты жобаларға жұмсалады. 

Осы жәрдем қаражатымен әсіресе, мөлшермен 21 мың адам өмір сүретін Куррам мен Оракзай аймақтарында өміршең маңыздағы мұқтаждықтарға жету мүмкіндіктерін арттыру арқылы жұмыстану шарттарын көбейту жоспарланып отыр. 

Қалған ақшалар Хайбар Пахтунова, Синдх және Белужистан уәлаятындағы табиғи апаттарға дайындық тақырыбындағы жобаларда қолданылады.

Жәрдем аясында цунами ерте ескерту жүйесі де орнатылады.

Әйелдер мен балаларға білім беру де мақсаттар арасында орын алады. 



Ұқсас жаңалықтар