Дүниежүзілік банктың басшысы міндеттен кетеді

Ол алты жылдан бері осы ұйымды басқарып келген еді.

Дүниежүзілік банктың басшысы міндеттен кетеді

Дүниежүзілік банктың басшысы Джим Йонг Ким 1 ақпан күні қызметін тастайтынын білдірді.

Ол алты жылдан бері осы ұйымды басқарып келген еді.

Бұл туралы хабарлама Дүниежүзілік банктың интернет парақшасында жарияланды. Ким әлемде кедейлікті жою үшін қызметін жан тәнімен атқарған  тұлғаларға толы осы ұйымда жұмыс істеудің мақтаныш екенін айтып: «Әлемде асыра кедейлік,  климат өзгерісі, жұқпалы аурулар артып, миграцияның әрі көлемі,  әрі түрі көбейген кезде Дүниежүзілік банктың істері едәуір маңызға ие.  Осы ұйымның басшысы ретінде қызмет ету және алға шыққан қиыншылықтардың ортасында осы ұйымға көмектесу мен үшін мақтаныш болды» деді.

Ким осы міндетінен кеткеннен кейін басқа бір компанияда даму жолындағы елдерде инфрақұрылымның арттырылуы бағытында жұмыс істейтінін білдірді.

Корея текті Америка азаматы Ким басшылық қызметіне 2012 жылдың шілде айында бастаған еді.  Ол 2017 жылы осы міндетке екінші рет сайланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар