Түркияның Венесуэлаға экспорты 207 пайыз артты

Түркияның Венесуэлаға экспорты 207 пайыз артып, 112,8 миллион долларға ұласты.

1105405
Түркияның Венесуэлаға экспорты 207 пайыз артты

Эгей экспортшылар одағы координаторы төраға орынбасары Бирол Джелеп осы өсудің екі ел арасындағы саяси жақындасудың ықпалы екенін атап көрсетті.

Джелеп жасаған мәлімдемеде президент Режеп Тайып Ердоған мен Венесуэла президенті Николас Мадуроның екі жақты сапарларының саяси және мәдени ынтымақтастыққа қоса сауда-саттық қарым-қатынастарға да үлес қосқанын атап көрсетті.

Венесуэлаға 2017 жылы қаңтар-қараша кезеңінде 36,7 миллион доллар экспорт жасалғанда 2018 жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 207 артып, 112,8 миллион долларға ұласқанына назар аударған Джелеп экспортта алғашқы орынды 56,5 миллион доллармен дақыл, ірі бұршақтылар мен майлы тұқымдас өнімдер, екінші орынды болса 17 миллион доллармен тасымалдау көліктері мен өнеркәсіптік заттардың құрағанын білдірді.

Джелеп сондай-ақ «Саяси қарым-қатынастардағы жақындасудың экспортқа үлесінің алдағы кезеңде артуын күтеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар