Қытай Менг Ванжудың босатылуын талап етті

Қытайдың Канададағы өкілетті елшілігі Менгтің заң бұзбағанын атап көрсетті.

Қытай Менг Ванжудың босатылуын талап етті

Қытай Канададан Huawei-дің қаржы директоры Менг Ванжудың босатылуын талап етті.

Қытайдың Канададағы өкілетті елшілігі Менгтің АҚШ немесе Канада заңдарын бұзбағанын атап көрсетіп,  Канададан қатені тез арада түзетулерін сұрады.

Елшілік хабарламасында: «Қытай тарапы осындай үлкен адам құқықтары бұзушылығына қарсы шығады» деп айтылды.

Канада Әділет министрлігі Менгтің Америка Құрама Штаттарының Иранға бағытталған санкцияларын бұзды деген себеппен 1 желтоқсан күні Ванкувер қаласында ұсталғанын білдірген болатын. Сонымен бірге Америка Құрама Штаттарының тлабымен ұсталған Менгтің 7 желтоқсан күні сот алдына шығарылуының жоспарланғаны білдірілген еді.

Ол Америка Құрама Штаттарына қайтарылған жағдайда, Нью-Йорк штатының Шығыс аймағы сотында сотталады.

АҚШ Әділет министрлігі Қытайдың смартфон өндірушісі және телекоммуникация алпауытына Иранға бағытталған санкцияларды бұзғаны себепті сәуір айында тергеу бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар