Шетел азаматтарына жұмыс істеу рұқсаты берілді

Министрлік жұмыс істеу рұқсаты үшін өтінімдерді Э-рұқсат жүйесі арқылы қабылдап, нәтижелендіреді.

Шетел азаматтарына жұмыс істеу рұқсаты берілді

ТР Отбасы,  еңбек және әлеуметтік қызметтер министрлігі тарапынан биыл қаңтар-қазан айлары арасында 97 мың шетел азаматына жұмыс істеу рұқсаты берілді.

Министрлік жұмыс істеу рұқсаты үшін өтінімдерді Э-рұқсат жүйесі арқылы қабылдап, нәтижелендіреді.

Қаңтар-қазан айлары аралығында Түркияда жұмыс істеу рұқсатын алу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен 122 мың 115 адам өтінім берді.

Министрлік осы өтінімдерді қарастырып,  97 мың 991 шетел азаматына Түркияда жұмыс істеуге рұқсат берді. рұқсат берілгендер арасында Сирия, Грузия, Қырғызстан, Украина, Қытай және Түрікменстан азаматтары көп.

Финляндиядан Мексикаға, Жапониядан Бразилияға дейін әлемнің 165 елінің азаматтары Түркияда жұмыс істеу үшін өтінім берген.



Ұқсас жаңалықтар