Ресейдің мұнай экспорты артады

Иранның Еуропадағы мұнай олқылықтарын осы айдан бастап, Ресей толтырады.

1084911
Ресейдің мұнай экспорты артады

Иранның Еуропадағы мұнай олқылықтарын осы айдан бастап, Ресей толтырады.

Мұнай экспорт еткен елдер ұйымы (OPEC) өкілі Хүсейін Казымпур Ердебели Ресей және Сауд Арабиясының мұнай өнімдерін арттырғандарын және осы жағдайдың мұнай бағасы барреліне 15 доллар төмендегенін білдірді.

Иран мұнай министрлігіне қарасты SHANA хабар агенттігінің хабарына негізделген Ердебели «Мұнай талабының көбеюі аталмыш өнімнің бағасының түсуіне себеп болды. Бұл жағдай өндірушілерге зиян тигізуде. Сауд Арабиясы және Ресей мұнай өнім көлемін азайтуы керек» деді.

Энергия қауіпсіздігі анализ фирмасының (Energy Security Analysis Inc /ESAI Energy) рапорты бойынша Иранның Еуропадағы мұнай олқылықтарын осы айдан бастап, Ресей толтырады.

Ресей еуропалық фирмалардың Ираннан импортын тоқтатуымен Еуропа Одағы елдеріне мұнай экспортын арттыру орайына ие болады.

Санкция салдарынан Иранның мұнай экспортындағы олқылықтарын Еуропада Ресей, Азияда болса Сауд Арабиясы толықтырады.



Ұқсас жаңалықтар