Ресейдің мұнай экспорты кірістері артты

Ресейдің табиғи газ экспорты кірістері 31,3 пайыз көтерілді.

Ресейдің мұнай экспорты кірістері артты

Ресейдің мұнай экспорты кірістері қаңтар-қыркүйек кезеңінде өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 37,7 пайыз, табиғи газ экспорты кірістері де 31,3 пайыз көтерілді.

Ресей Федерациясы Кеден министрлігінің көрсеткіштеріне қарағанда осы жылдың тоғыз айлық кезеңінде мемлекеттің мұнай экспорты кірістері 94 миллиард долларға, табиғи газ экспорт кірістері болса 35,3 миллиард долларға шықты. Осы кезеңде Ресейдің экспорт көлемі 0,1 пайыздық төмендеумен 190,9 миллион тонна болса, табиғи газ экспорты көлемі 8,4 пайыз артып, 165,9 миллиард текшеметрге ұласты.

Ресей өткен жылы мұнай экспортынан 93,3 миллиард доллар, табиғи газ экспортынан 38,1 миллиард доллар кіріс түсірген еді.



Ұқсас жаңалықтар