Шығыс Қаратеңізден экспорт

Шығыс Қаратеңізден 124 елге экспорт жасалды.

Шығыс Қаратеңізден экспорт

Шығыс Қаратеңізден биылғы қаңтар-қазан айларында 124 елге экспорт жасалды.

Шығыс Қаратеңіз экспортшылар одағының атқару комитеті төрағасы Саффет Калионджу жазбаша хабарлама жариялап,  Трабзон, Ризе, Артвин және Гүмүшханеден жылдың 10 айында 927 миллион 708 мың долларлық экспорт жүзеге асырылғанын білдірді.

Қалаларға бөліп қарайтын болсақ,  Трабзоннан 746 миллион 476 мың доллар,  Ризеден 111 миллион 40 мың доллар,  Артвиннен 45 миллион 881 мың доллар және Гүмүшханеден 24 миллион 309 мың долларлық экспорт жасалды. Аймақтан экспортталған өнімдердің басында пісте және өнімдері,  балғын жеміс пен көкөніс келеді.

Экспорт жасалған басты бес ел – Ресей Федерациясы,  Германия, Грузия,  Италия және Франция.



Ұқсас жаңалықтар