18 мың қызметкерді жұмыстан шығарады

General Motors (GM) 18 мың қызметкерін жұмыстан шығарады.

1079428
18 мың қызметкерді жұмыстан шығарады

Американдық автомобиль алпауыты General Motors (GM) 18 мың қызметкерін жұмыстан шығарады.

Компания өндіріс құнын азайту мақсатымен Солтүстік Америка елдеріндегі қызметкерлерін жұмыстан шығару үшін ұсыныс берді.

Компания хабарлама жариялап,  АҚШ, Канада және Мексикада сату,  маркетинг және әкімшілік бөлімдерінде қызмет атқаратын 18 мың қызметкерге өтемақысын төлеп жұмыстан шығару үшін келісім ұсынды.

Бұл ұсыныс компанияда 12 және одан да көп жыл жұмыс істеген қызметкерлерге жасалды. Ал компания өтемақының шарттары туралы мәлімет бермеді.

General Motors (GM) компаниясы 2018 жылдың үшінші кварталында 2,5 миллиард доллар табыс тапқанын білдірген болатын.

Компанияның АҚШ, Мексика және Канадада 50 мың қызметкері жұмыс істейді.



Ұқсас жаңалықтар