Сирияда жылу стансасын салады

Иран Латакияда станса салады.

1061437
Сирияда жылу стансасын салады

Иранның Энергия министрі Рыза Ердеканиан Сириямен осы елдің Латакия қаласында жылу электр стансасын салу келісіміне қол қойылғанын білдірді.

Ирандық Жұмысшылар Ақпарат агенттігіне мәлімдеме жасаған министр Латакия қаласында 411 миллион евро инвестициямен 540 мегаваттық станса салынуын көздеген келісімге қол қойғандарын хабарлады.

Келісімге Иран жағынан Электр өндіру мекемесі бас директоры Махмут Рамазан мен инженерлік фирмасы Mapna бас директоры Аббас Али Абади, Сирия жағынан Электр министрі Мухаммед Зухейр Харпутли қол қойды.

Иранның Mapna компаниясы Сирияда бүгінге дейін 900 мегаваттық жылу электр стансасын құрды. Жақында Алеппо қаласында 125 мегаваттық станса да қызметке беріледі.



Ұқсас жаңалықтар