Түркия-Қазақстан инвестиция форумы басталды

Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда көлемін бірнеше жылдың ішінде 5 миллиард долларға жеткізу нысанаға алынып отыр.

Түркия-Қазақстан инвестиция форумы басталды

Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда көлемінің бірнеше жылдың ішінде 5 миллиард долларға және артынан 10 миллиард доллар деңгейіне жеткізуді мақсат еткендерін атап көрсетті.

Фатих Дөнмез Анкарада жүзеге асырылған Түркия-Қазақстан инвестиция форумында «Осы көрсеткіштерге 7-8 жылдық бір көлемде мерзімде қол жеткізу үшін қазіргі экономикалық ынтымақтастығымызды одан ілгері деңгейге жеткізуге мәжбүрміз» деді.

Соңғы кездері Түркия мен Қазақстан инициативасын ортаға қойып көп тұсты жүргізген белсенді сыртқы саясатының жаһандық бейбітшілікті орнатуға үлес қосқанын атап көрсеткен Дөнмез «Аймағымызда тыныштық пен тұрақтылық орнату үшін Астана және Стамбұлда жалғасқан келіссөздер Түркия мен Қазақстанның ортақ талпынысының қаншалықты шынайы екенін көрсетеді. Ортақ тарих және тектен келген Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық кезкелген екі ел арасындағы жақындасудан әлде қайда жоғары сатыда» деді.

Қазақстандағы түрік инвесторларының 3,2 миллиард доллар деңгейінде екенін атап көрсеткен Дөнмез Ресей мен Қытайдан кейін Түркияның Қазақстанда ең көп шетелдік акциялы фирмасы бар 3-ші мемлекеті екенін білдірді.

Дөнмез түрік фирмаларының елде коммуникациядан банк және қаржы салаларына, энергиядан әуежайы қожайындығына дейін көптеген салада инвестицияларын жалғастырғанын, Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев басшылығында Қазақстанның үлкен нысаналарға қарай жылдам ілгерілегенін атап көрсетті.

Дөнмез Түркияның мемлекеттік және жекеменшік қызмет тәжірибесімен Қазақстанның іске асыруды жоспарлаған барлық жобаларына әртүрлі қолдауды беруге дайын екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар