Авиакомпанияда ереуіл

Ұшқыштар ереуілге шығады.

Авиакомпанияда ереуіл

Ирландияның Ryanair авиакомпаниясының Германиядағы ұшқыштары шарттар мен жалақының жақсартылуы мақсатымен ертең ереуілге шығады.

Орталығы Франкфурттағы неміс ұшқыш кәсіподағы Vereinigung Cockpit (VC) хабарлама жариялап, Ryanair ұшқыштары үшін Германияда жұмыс шарттары және жалақыларының жақсартылуы келіссөздерінен нәтиже шықпағанын, ұшқыштардың ереуілге шығатынын білдірді.

Ереуіл 12 қыркүйек сәрсенбі күні сағат 03.01 мен 13 қыркүйек бейсенбі күні сағат 02.59 арасында жоспарланды. Ереуіл Германиядағы барлық рейстерге әсер етеді.

VC Ұжымдық келіссөздер саясаты директоры Ингольф Шумахер тақырыпқа байланысты: «Тамыз айы басындағы ереуіл сигналдарына қарамастан келіссөз үстелінде әлі нәтиже жоқ. Қорытынды күтеміз» деді.

 Ирландия авиакомпаниясы келіспеушіліктің Ирландиялық бітімгер тарапынан шешілуі керектігін айтып отыр.

Аталмыш авикомпанияда шілде айында Испания,  Бельгия,  Португалия және Италияда борт қызметкерлері ереуілге шығып, компанияның 100 мың жолаушыға әсер еткен 600 рейсі тоқтап қалған еді.



Ұқсас жаңалықтар