Жерорта теңізінде бұрғы жұмыстары басталады

Министр сейсмикалық кемеде тексеру жүргізді.

Жерорта теңізінде бұрғы жұмыстары басталады

ТР Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Жерорта теңізінде мұнай және табиғи газ іздеу жұмыстарын бастайтындарын білдірді.

Министр Дөнмез Зонгулдак қаласындағы сапары барысында Ұлттық сейсмикалық зерттеу кемесінде тексеру жүргізді.

Кеме Қаратеңізде мұнай, табиғи газ және көмір резерін іздестіруде.

Тексеру жүргізіп, өкілетті тұлғалардан мәлімет алған министр кеменің отандық мүмкіндіктермен жасалғанына назар аударды.

Жерорта теңізіндегі бұрғы жұмыстарына да тоқталған министр Дөнмез: «Алғашқы бұрғы 1-2 айдың шамасында Жерорта теңізінде жүргізіледі» деді.



Ұқсас жаңалықтар