Министр Албайрак Ұлыбританияда

Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак Ұлыбританияның астанасы Лондонда 11 қаржы мекемесінің директорымен бас қосты.

Министр Албайрак Ұлыбританияда

Берат Албайрак 15 триллион долларлық байлыққа ие әлемнің ең үлкен 11 мекемесінің жоғары деңгейлі лауазымдысымен бас қосты.

Албайрак кездесуде Түркияның 15 жылдық экономикалық өсу процесі және жаңа кезеңдегі экономикалық жоспары туралы мағлұмат беріп, жаңа кезеңде стратегиялық жоба аясында іске асырылуы жоспарланған экономикалық саясаттар жайлы ақпарат бөлісті.

Албайрак байланыстары аясында кеше де Ұлыбритания Қаржы министрі Филип Хэммонд және Мемлекеттік министр Сер Элон Дунсонмен оңаша және делегация арқылы кездескен болатын.



Ұқсас жаңалықтар