Түрік ағыны жобасында рекорд

Орыс табиғи резервтерін тікелей Түркияның табиғи газ желісіне қосатын Түрік ағыны жобасы аясында рекорд жасалды.

Түрік ағыны жобасында рекорд

Табиғи газ құбыр желісі жұмыстарын жалғастырған «Pioneering Spirit» кемесі 26 тамыз күні судың астынан (Қаратеңіз) бір күннің ішінде 6,27 шақырымға құбыр төсеп бүкіләлемдік рекорд жасалды.

Орыс энергия фирмасы ГазПромның твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде «Түрік ағыны жобасы аясында теңіздің тереңінде құбыр төсеу жұмыстарын жүзеге асырған Pioneering Spirit атты кеме 26 тамыз күні бір күннің ішінде 6,27 шақырым құбыр төсеп, рекорд жасады» деді.

Түрік ағыны жобасы әр қайсысы 15,75 миллиард текше метрлік күшке ие екі құбыр желісінен тұрады.

Аталмыш желілердің бірі орыс газын Түркияға тасымалдайды. Құрылыс жұмыстары жалғасқан екінші құбыр желісі болса орыс газын Түркия арқылы Еуропа елдеріне таситын болады.



Ұқсас жаңалықтар