Экспорт шілде айында 11,6 пайыз артты

Түркия экономикасы шабуылдарға қарамастан болымды көрінісін жалғастыруда.

Экспорт шілде айында 11,6 пайыз артты

Түркия статистикалық мекемесі мен Сауда министрлігі тарапынан құрылған 2018 жылы шілде айына қатысты уақытша сыртқы сауда статистикалары жарияланды.

Экспорт шілде айында өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 11,6 пайыз артып, 14 миллиард 77 миллион долларға өсті.

Импорт болса 6,7 пайыз азайып, 20 миллиард 59 миллион доллар деңгейінде жүзеге асты.

Аталмыш кезеңде сыртқы сауда кемшілігі болса 32,6 пайыз азайып, 5 миллиард 982 миллион долларға шегерілді.

Экспорттың импортты қамтамасыз ету мөлшері 2017 жылы шілде айында 58,7 пайыздан, 2018 жылы шілде айында 70,2 пайызға өсті.



Ұқсас жаңалықтар