Трамп кеден салықтары жайлы мәлімдеме жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп кеден тарифіне қосылғысы келмеген өнімдердің АҚШ-та өндіру керектігін атап көрсетті.

Трамп кеден салықтары жайлы мәлімдеме жасады

Дональд Трамп кеден салықтары жайлы мәлімдеме жасады.

Трамп әлеуметтік медиа парақшасы твиттер арқылы жасаған мәлімдемеде «Кеден тарифтері ең жоғарғы деңгейде. Дүниежүзіндегі мемлекеттердің барлығы АҚШ-тан байлық алып кеткісі келеді. Бұл баршаға зиян тигізеді. Егер салықтандырғылары келмесе, онда өнімдерін АҚШ-та өндірулері керек» деді.

Трамп «Кеден тарифтері арқылы көпшілігі Обама кезеңінде артқан 21 триллион долларлық қарызды да өтейміз және сондай-ақ халқымыз үшін салықтарды азайтамыз. Кем дегенде еліміз үшін одан жақсы сауда келісімдерін жасаймыз» деп пайым жасады.

АҚШ Сауда өкілі Robert Lighthizer сәрсенбі күні жасаған мәлімдемеде Трамптың Қытайға салынатын 10 пайыздық кеден тарифі мөлшерін 25 пайызға көтеруге тапсырма бергені білдірілген болатын.

Мұның артынан Пекин үкіметі жұма күні 60 миллиард доллар құнында АҚШ тауарларына 4 сатылы қосымша кеден салығы іске қосылатынын жариялаған еді.

АҚШ-тың мемлекеттік қарызының 21 триллион 305 миллиард доллар екенін білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар