"Үлкен жиырмалық елдері саммиті табысты өтті"

Қазына және Қаржы министрі Берат Албайрак Аргентинадағы Үлкен жиырмалық елдері саммитінің табысты өткенін атап көрсетті.

1017017
"Үлкен жиырмалық елдері саммиті табысты өтті"

Албайрак Аргентинаның бас қаласы Буэнос-Айресте қатысқан Үлкен жиырмалық елдері Қаржы министрлері және Орталық банк төрағалары жиналысы аясында жүзеге асырылған байланыстарды Анадолы агенттігіне (AA) бағалады.

Албайрак «Жаһандық сауда қиын бір сынақтан өтіп жатқан бір кезең, Түркия тұрғысынан да жаңа бір кезеңнің бастамасы болды. Бұл біз үшін тығыз бір экономикалық дипломатияны қамтитын тарихи және маңызды бір саммит» деді.

Албайрак Түркияның әрі экономикалық саясаттары, әрі аймақтық және жаһандық экономика саясатының үйлесімді, белсенді және динамикалық бір саясат жүргізгенін, мұны қазірге дейінгі жобалармен дәлелдегенін атап, Үлкен жиырмалықтың инфрақұрылымы жөніндегі отырыста басты баяндамашы ретінде айтқан сөзінде осы жобаларға арнайы назар аударғанын еске салды.



Ұқсас жаңалықтар