Түркия әлем зәйтүн майы өндірісінде екінші орында

Түркия 2016-2017 жылдары зәйтүн майы өндірісін 58 мың тонна арттырып, жалпы 208 мың тоннаға жеткізді.

Түркия әлем зәйтүн майы өндірісінде екінші орында

Халықаралық Зәйтүн кеңесі (IOC) дайындаған зәйтүн саласына қатысты рапортта Түркияның өндіріс күші назар аударды.

IOC рапортына қарағанда 2016-2017 кезеңінде алдынғы кезеңмен салыстырғанда әлемде зәйтүн майы өндірісінде алдынғы қатарлы елдерден Испания, Грекия және Италияда өндіріс азайса, Түркия өндіріс күшін арттырды.

Аталмыш кезеңде жаһандық зәйтүн майы өндірісі 19 пайыз азайып, 3 миллион 176 мың 500 тоннадан 2 миллион 588 мың 500 тоннаға төмендеді.

Түркия әлем зәйтүн майы өндірісінде екінші орынға көтерілді.

Түркия 2015-2016 кезеңінде 4-ші орында болатын.



Ұқсас жаңалықтар