Tesla Қытайда зауыт ашады

Тесла Қытайдың Шанхай қаласында зауыт құрылысын бастайтынын хабарлады.

Tesla Қытайда зауыт ашады

Электр қуатымен жүретін көлік өндіретін Тесла компаниясы Америка Құрама Штаттары тысындағы алғашқы зауытын Қытайда құрады.

Тесла Қытайдың Шанхай қаласында зауыт құрылысын бастайтынын хабарлады.

Компанияның хабарламасына қарағанда,  зауыт өз ісін 2-3 жыл ішінде бастайды.  Жылына 500 мың көлік өндіруі жоспарланып отыр.

Шанхай қалалық әкімшілігі де Тесла басшысы Элон Маск пен Шанхай муниципалитеті басшысы Инг Йонг арасында келісімге қол қойылғанын растады.

Аталмыш зауыт Шанхайдағы ең ірі шетелдік инвестиция болмақ.

Тесла компаниясы Шанхайда сонымен бірге зерттеу базасын да құрады.



Ұқсас жаңалықтар