Жүргізушісіз автобус өндіре бастады

Қытай фирмасы жүргізушісіз автобус өндіре бастағанын хабарлады.

Жүргізушісіз автобус өндіре бастады

Қытайдағы технология алпауыты Baidu жүргізушісіз автобустардың топтық өндірісін бастағандарын хабарлады.

Baidu  - «деңгей-4 автоном автобустарды» өндіретін өте аз компаниялардың бірі.

Автобустарда өте жоғары жүргізу жүйесі орын алады. «Аполонг» автобустарға 14 жолаушы сыяды. Автобуста жүргізуші орындығы, руль және педаль болмайды.

Электр қуатымен жүретін автобустар екі сағат толғаннан кейін 100 км жол жүре алады. жылдамдығы сағатына 70 км-ге дейін жетеді.

«Аполонг» деп аталған осы автобустар алдымен елдегі қалаларда қолданылады,  алдағы уақытта шетел нарығына шығарылады.



Ұқсас жаңалықтар