АҚШ президенті OPEC-ті айыптады

Трамп Мұнайдың қымбаттауына Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (OPEC) жауапты екенін білдірді.

АҚШ президенті OPEC-ті айыптады

АҚШ президенті Дональд Трамп мұнай бағаларының қымбаттауына Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (OPEC) жауапты екенін атап айтты.

Трамп твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Мұнай бағалары аса қымбаттады, себебі тағы OPEC, бұл жақсы емес» деді.

Трамп сәуір айында да OPEC-ті мұнай бағаларын жасанды түрде қымбаттатумен айыптаған болатын.

OPEC мұнай бағалары маңызды мөлшерде арзандаған 2016 жылы қараша айында өндірісті қысқартуға шешім қабылдаған болатын.

Бірнеше рет созылған өндірісті шектеу шешімінің жылдың соңына дейін жалғасуы күтіледі.

OPEC мен OPEC-тен тыс елдердің министрлері 22-23 маусым күні Венада өтетін жиналыста өндіріске бағыттап жаңа шешімдер қабылдайды.



Ұқсас жаңалықтар