Әуежайларындағы жолаушы саны артты

Стамбулдағы екі әуежайының жолаушы саны артты.

Әуежайларындағы жолаушы саны артты

Стамбулдағы Ататүрік және Сабиха Гөкчен әуежайларына биылғы жылдың алғашқы төрт айында келген жолаушы саны өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда, 4 миллион 845 мың 581 артып, 32 миллион 218 мың 911 адам болды.

Қаладағы екі әуежайында қаңтар, ақпан, наурыз және сәуір айларында келген-кеткен жолаушы және атқарылған рейс саны артты.

Ататүрік әуежайын биылғы жылдың алғашқы төрт айында ішкі желіде 6 миллион 291 мың 876,  сыртқы желіде 15 миллион 225 мың 546, барлығы 21 миллион 517 мың 422 жолаушы қолданды.

Сабиха Гөкчен әуежайында болса төрт айда келген-кеткен жолаушы саны 10 миллион 701 мың 489 болды.  Осы жолаушылардың 7 миллион 238 мың 92-сі ішкі жәледен, 3 миллион 463 мың 397-сі сыртқы желіден ұшты.

Қаладағы екі әуежайында биыл қонақ болған жолаушы саны 32 миллион 218 мың 911 адам деп тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар