Ереуілдер Франция экономикасын шайқауда

Елде жұмыс тастау акциялары мен ереуілдер кейбір салаларда сатылы түрде, кейбіреулерінде болса үздіксіз жалғасуда.

Ереуілдер Франция экономикасын шайқауда

Франция президенті Эммануэль Макрон үкіметінің реформалау және үнемдеу саясаттарына қарсы теміржолы қызметкерлері, зейнеткерлер, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер және авиация, энергия, денсаулық сақтау, тазалық және әлеуметтік жәрдем саласы қызметкерлері бастаған ереуілдердің экономикаға кері ықпал еткені білдірілді.

Елде жұмыс тастау акциялары мен ереуілдер кейбір салаларда сатылы түрде, кейбіреулерінде болса үздіксіз жалғасуда.

Мамандар ереуілдердің экономикаға үлкен шығын түсіретінін ескертіп, әсіресе туризм, ойын-сауық және ресторан салаларында брондаулардың кейінге қалдырыла бастағанын, жазғы маусымда болу ықтимал дағдарыстардың сала қызметкерлерін алаңдатқанын атап көрсетуде.

Экономика журналы «Капитал» (Capital) шерулер себепті өндірістің 15 пайызының кемігенін атап, салалардың барлығы назарға алынғанда шерулердің экономикаға түсірген салмағының күніне орташа 2 миллиард евро екенін жазды.

Франция қонақүйлер өнеркәсіп одағы (UMIH) ереуілдерге дейін ел туризмінің өте жақсы сатыда екенін, шерулер мен акциялардың басталуымен қонақүйлердің брондауларында 10 мен 20 пайыз азаюдың тіркелгенін жариялады.

Франция экономика министрі Бруно Ле-Майыр «Қонақүй брондаулары, тасымалдаушылық және туризм сияқты белгілі салаларда қазірден-ақ ықпалын сездік» деген болатын.

Франциядағы Шағын және орта кәсіпкерлік конфедерациясы (CPME), шерулердің елдегі фирмалардың 74 пайызына кері ықпал еткенін жариялады.

Ауылшаруашылығы кооперативтер одағы елде дақыл мен егіншілік өнімдерінің 40 пайызының теміржолы арқылы тасымалданғанын атап, ереуілдің салдарынан жүк пойызы қатынасының 70 пайызының тоқтағанын, өндірушілердің тауарларын басқа жолмен тасымалдаудың жолын тапқанын, дегенмен бұл әдіспен тонна басына шаққанда шығындардың 5 пен 20 евродай артатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар