Экономика министрі Францияда

Франция мен Түркия өзара сауда көлемін 20 миллиард евроға жеткізуді нысанаға алуда.

948984
Экономика министрі Францияда

Экономика министрі Нихат Зейбекчи Франция мен Түркия арасындағы сауда көлемін 2017 жылы 14,7 миллиард доллар ретінде жүзеге асырғандарын, 2019 жылы бұл көрсеткішті 20 миллиард евроға жеткізуді нысанаға алғандарын білдірді.

Зейбекчи Францияның Париж қаласында Түркия-Франция Экономикалық және сауда ортақтық комитетінің (JETCO) 5-ші Кезең жиналысына төрағалық жасады.

Министр Зейбекчи байланыстары аясында Франция Экономика министрі Бруно Ле-Майре және Францияның Еуроодақ және сыртқы қатынастарға жауапты мемлекеттік министрі Джан-Баптисте Лемойнемен оңаша кездесті.

Франция сапарын бағалаған Зейбекчи өте табысты өткен жиналыстарда түрік және француз іскер әлемі өкілдері бас қосқанын атап, «екі елдің бірігіп, үшінші мемлекеттерде жүзеге асыратын жұмыстарды бағаладық. Түрік және француз «Eximbank»-терінің екі ел фирмаларының үшінші мемлекеттер мен Түркия және Франциядағы ортақ жұмыстарын қаржыландыру мүмкіншіліктерін талқыладық. Африка мәселесін бағалап, мүмкіншіліктер аясында сауда және экономикалық тақырыптарды қолға алдық» деді.

Сыртқы істер және Еуроодаққа жауапты мемлекеттік министрі Лемойнемен әңгімесі барысында екі ел арасында сауда көлемінің жетілдірілуі тұрғысынан мұның алдында түрік және француз мамандар белгілеген нысаналарға бағытталғандарын атап көрсеткен Зейбекчи «Өз тілімен Түркия мен Еуроодақ арасындағы Кеден Одағы тақырыптарын қолға алдық. Өте табысты өтті. 14,7 миллиард евромен аяқталған 2017 жылдағы сауда көлемімізді 2019 жылдың соңынан бастап, 20 миллиард евроға жеткізуді нысанаға алып, осымен байланысты біртіндеп жұмыстанамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар