88-ші Женева автомобиль жәрмеңкесі басталды

Жәрмеңкеде автомобильдің жаңа үлгілері көрсетіледі.

88-ші Женева автомобиль жәрмеңкесі басталды

Жәрмеңкеде автомобильдің жаңа үлгілері көрсетіледі.

Әлемнің ең маңызды және ең әйгілі автомобиль жәрмеңкесі ретінде қабылданған 88-ші Женева автомобиль жәрмеңкесі бүгін басталды.

Швейцарияның Женева қаласындағы Palexpo көрме орталығында ашылған және мыңға тарта автомобиль көрсетілетін жәрмеңкеге жартысы шетелдік болып, мөлшермен 700 мың адамның келуі күтілуде.  

Екі күн бұрын барша әлемнен келген 10 мыңға тарта тілшелерге қақпасын ашқан жәрмеңке бүгіннен бастап ашық болады.

Жәрмеңкеде автомобиль дизайн секторында жұмыс істеген түрік дизайн фирмалары өздері дизайн еткен автомобильдерін тұтынушылардың талғамына ұсынады.

Жәрмеңкеде автомобильдің жаңа үлгілері көрсетіледі. Жәрмеңке 18 наурыз күніне дейін ашық болады.



Ұқсас жаңалықтар