Түркия Жел энергиясын арттырды

Түркия 39 ел арасында тағы бір сатыға көтеріліп,  алтыншы орын алды.

Түркия Жел энергиясын арттырды

Түркияның жел энергиясындағы қазіргі күші өткен жылы алдынғы жылмен салыстырғанда 766 мегаватт артып, 6 мың 857 мегаваттқа жетті.

Осылайша Түркия 2017 жылы жел секторында күш тұрғысынан Еуропа Одағы елдері,  кандидат елдер және Ресей мен Украина секілді 39 ел арасында тағы бір сатыға көтеріліп,  алтыншы орын алды.

Еуропа Жел энергиясы одағы WindEurope 2017 статистикасына қарағанда,  Еуропа Одағы елдер,  кандидат елдер және Ресей мен Украина сынды 39 елдің жел энергиясы 178 мың 96 мегаватт.

Жел энергиясында күші ең жоғары ел Германия болды.  Артынан Испания мен Ұлыбритания келеді.



Ұқсас жаңалықтар