Түркияда 87 мың шетел азаматы жұмыс тапты

20 мың 970 сириялық азамат Түркияда жұмыс істей бастады.

Түркияда 87 мың шетел азаматы жұмыс тапты

Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрлігі өткен жылы 87 мың шетелдікке жұмыс істеу лицензиясын берді.

Дүние жүзінің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам Түркияда жұмыс істеу үшін Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрлігіне өтініш берді.  Осы өтініштерді тексерген министрлік 2017 жылы 87 мың 190 азаматқа рұқсат берді.

3 мың 631 шетел азаматын қабылдамаған министрлік 13 мың істі кері қайтарды.

1762 істің әлі тексеруі аяқталмады.

Министрліктің рұқсатымен өткен жылы 20 мың 970 сириялық азамат Түркияда жұмыс істей бастады. Артынан кезегімен 7 мың 317 Грузия, 6 мың 360 Қырғызстан, 5 мың 761 Украина, 4 мың 288 Қытай, 3 мың 847 Түрікменстан, 3 мың 55 Үндістан, 2 мың 465 Өзбекстан,  2 мың 449 Әзірбайжан және 2 мың 390 Ресей азаматы Түркияда жұмысқа орналасты.

Жұмыс істеу рұқсатын алғандар арасында 960 Германия, 956 Ұлыбритания, 983 АҚШ, 649 Италия және 543 Франция азаматы бар.



Ұқсас жаңалықтар