Қызанақ алу жөнінде Ресей мен Түркия принципте келісті

Александр Новак қызанақ сатып алу жөнінде Түркиямен принципте келіскенін айтты.

Қызанақ алу жөнінде Ресей мен Түркия принципте келісті

Ресей Энергия министрі Александр Новак қызанақ сатып алу жөнінде Түркиямен принципте келіскенін айтты.

Ресей-Түркия үкіметтер арасы  комиссиясы тең төрағасы Новак Түркиядан қызанақ сатып алудың қашан рұқсат берілетініне байланысты бір сұраққа орай «Осы тақырыпта принципте келісімге бардық. Қазір 1 желтоқсаннан бастап 4 түрік фирмасынан 50 мың тонна қызанақ алынуы жөніндегі заңдық ережелер жасалуда» деді.

Ресей премьер-министр орынбасары Аркадий Дворковичтің Түркиядан қызанақ алынуының қайтадан басталуына байланысты мәлімдемесінде «Қызанақ импорты саяси мәселе болудан шықты. Түркиядан қызанақ импортының желтоқсан-сәуір маусымын қамтиды» деген еді.

Осы барыста 21 қазанда Татарстанның астанасы Қазанда ұйымдастырылатын Орыс-Түрік үкіметтер арасы комиссиясында егіншілік қарым-қатынастар да қолға алынады.  


Этикеттер: энергия , қызанақ , Ресей

Ұқсас жаңалықтар