Түркиядан 93 елге шай экспортталды

Жылдың алғашқы 9 айында шай эскпорты 21 миллион 732 мың 96 долларды құрады.

Түркиядан 93 елге шай экспортталды

Шығыс Қаратеңіз экспортшылар одағының деректеріне қарағанда,  қаңтар мен қыркүйек айы арасында жасалған шай экспортында Бельгия алда келеді.  Бельгияға 8 миллион 676 мың 448 долларлық экспорт жасалған.

Германия 6 миллион 109 мың 347 доллармен екінші,  Кипр 1 миллион 82 мың 514 доллармен үшінші орында. Ал Сауд Арабиясы шай экспортында 897 мың 304 доллармен төртінші орында келеді.

Соңғы кезде Канада,  Сенегал, Иордания, Кувейт, Чад, Эфиопия, Сингапур, Сомали, Нигерия, Габон, Гамбия, Гана, Танзания және Панама секілді елдерге де шай сатылды.

Жылдың алғашқы 9 айында шай эскпорты 21 миллион 732 мың 96 долларды құрады.



Ұқсас жаңалықтар