Әлем көлемінде жұмыссыздық артты

Әлемде 201 миллион жұмыссыз адам бар.

Әлем көлемінде жұмыссыздық артты

Әлем көлемінде жұмыссыз саны өткен жылмен салыстырғанда 3,4 миллион артып, 201 миллионға жетті.

Халықаралық Еңбек ұйымы ILO «2017 Әлемде жұмысқа орналастыру және әлеуметтік көрініс» атты есебін жариялады.

Есепте әсіресе шағын және орта мөлшердегі кәсіпорындардың әлемде жұмысқа орналастыруда «өміршең рол» ойнағаны атап көрсетілді.

Аталмыш есепке қарағанда,  203-2016 жылдар арасында шағын және орта мөлшерлі кәсіпорындарда күндіз толық жұмыс істейтіндер саны екі есеге жетіп қалды. Шағын және орта мөлшерлі кәсіпорындардың жалпы жұмысқа орналастырудағы үлесі 35 пайызға жетті.

Даму жолындағы экономикаларда шағын және орта мөлшерлі кәсіпорындар жұмысқа орналастырудың 52 пайызын қалыптастырады. Дамыған елдерде осы көрсеткіш 41 пайыз.

Ұйым 2017 жылы жұмыссыздық көрсеткішінің 5,8 пайыз болғанын білдірді. Қысқа мерзімде де осы көрсеткіштің азаймайтынын атап көрсетті.

Даму жолындағы елдерде шамамен 780 миллион жұмысшы әлі «жоғары» немесе «орта деңгейде» кедейлік шарттарында өмір сүруде.



Ұқсас жаңалықтар