TANAP жобасы бар қарқынымен жалғасуда

Барлық ұзындығы 1850 км болатын TANAP жылына 16 миллиард текше метр табиғи газ айдайтын болады.

TANAP жобасы бар қарқынымен жалғасуда

Энергия және табиғи ресурстар министрі Берат Албайрак Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісінің (TANAP) Дарданель бұғазы теңіздің астына құбыр төсеу құрылысының жоба үшін маңызды екенін айтты.

Министр Албайрак Түркия мен Еуропа үшін әлемдік энергия жеткізу қауіпсіздігі тұрғысынан маңызды жоба ретінде саналған TANAPтың теңіз асты құрылысы жүргізіліп жатқан кемеге барды. Кемеде тексеру жүргізгеннен кейін Албайрак: «Осы қарқынмен жылжыса, жоспардан бұрын аяқталады» деді.

Барлық ұзындығы 1850 км болатын TANAP жылына 16 миллиард текше метр табиғи газ айдайтын болады.

Аталмыш газдың 6 миллиард текше метрі Түркияның мұқтаждығы үшін қолданылады. 10 миллиард текше метрі де Транс Адриатика құбыр желісі арқылы Еуропаға жеткізіледі.

Жоспар бойынша келесі жылдың маусым немесе шілде айында Түркияға алғашқы газ келеді деп күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар