Венесуэла экономикасы құлдырауға жетті

Экономисттер Венесуэланың мемлекеттік банкротпен бетпе-бет екенін ескертті.

Венесуэла экономикасы құлдырауға жетті

Саяси және экономикалық дағдарыстың торындағы Венесуэлада экономисттер мемлекеттің банкротпен бетпе-бет екенін ескертті.

Экономикадағы болымсыздық әсіресе қазан мен қараша айларынан бастап байқалатын болады.

Елдің ең үлкен банктерінің бірі «Venezolano de Credito» бас директоры Герман Гарсия-Велутини неміс хабар агенттігіне жасаған мәлімдемеде «Сол кезеңнен бастап, ай сайын шамамен 2 миллиард доллар қарыз төлеуге бастайды» деді.

Венесуэланың қазір қарыздарын өтеу үшін алтын резервтері мен мұнай алаңдарының көпшілігін сатуға мәжбүр болғанын атап көрсетті.

Елбасы Николас Мадуро басшылығындағы социалистік үкіметке қарсы бірнеше айдан бері наразылық шерулері жалғасқан және жаңа атазаңды дайындайтын Құрушы Мәжілістің сайлануының артынан дағдарыс артқан елде экономика ұзақ уақыттан бері арзан мұнай бағалары себепті қиын бір кезеңнен өтуде.

Елдің ұлттық валютасы боливардың тамыздың алғашқы аптасы шамамен 15 пайыз құнын жоғалтқаны жарияланған болатын.

Жиі сынға алынған мемлекет басшысы Мадуро болса экономикадағы жағдайға оппозиция мен «экономикалық соғыс» жүргізген АҚШ-ты айыптауда.



Ұқсас жаңалықтар