Түркия АҚШ үкіметін Халықаралық сауда ұйымына шағымданды

Экономика министрі болат саласында демпингке қарсы шара қабылдаған АҚШ үкіметін Халықаралық сауда ұйымына шағымданды.

Түркия АҚШ үкіметін Халықаралық сауда ұйымына шағымданды

Экономика министрі Нихат Зейбекчи АҚШ үкіметін болат саласында демпингке қарсы жұмыстары себепті Халықаралық сауда ұйымына шағымданды.

Босния-Герцеговина Экономика ынтымақтастық және Сыртқы сауда министрімен кездескен соң баспасөзге мәлімдеме жасаған Зейбекчи АҚШ-тың түрік болаты тақырыбындағы демпингке қарсы шараларының қабылданбайтынын атап, «АҚШ-тың бұл шешімінің ешбір тиянағы жоқ, шамамен 2 жыл бұрын да бұл шешімге наразылық білдірдік. Бұл аяда АҚШ бұл тақырыпта алғашқы 3 тергеуде Түркияға қарсы кезкелген санкция шешімі шығара алмады. 4-ші тергеуде бұл шешімді қабылдады. Біз де өз жауапкершілігімізді орындап бұл мәселені Халықаралық сауда ұйымына шағымдандық. Дегенмен одақтастар арасында мұндай бір нәрсе болуы мүмкін емес» деді.

Экономика министрі «Біз де АҚШ өнімдеріне берген мемлекеттік қолдауды көрсетеміз. US Cotton (АҚШ Мақта Одағы) АҚШ мақтасы жайлы қолдауын білеміз, осыған қатысты тиісті қадамдарды басамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар