710 миллион адам басқа елде өмір сүргісі келеді

БҰҰ Халықаралық Көш ұйымы 160-тан астам елде жүргізілген сауалнаманың қорытындысын жариялады.

769377
710 миллион адам басқа елде өмір сүргісі келеді

Жер бетінде 710 миллион адам басқа елде өмір сүргісі келеді.  Осы адамдар таңдаған елдер арасында Түркия – 15-ші кезекте.

БҰҰ Халықаралық Көш ұйымы 160-тан астам елде жүргізілген сауалнаманың қорытындысын жариялады.

Сауалнамада ересеке адамдарға «Мүмкіндігіңіз болғанда,  қай елге көшіп барғыңыз келер еді?» ,  «Алдағы бір жылда басқа бір елге көшіп бару жоспарыңыз бар ма?», «Алдағы бір жылда басқа бір елге көшіп бару үшін бір дайындық жүргіздіңіз бе?» деген сұрақтар сұралды.

Берілген жауаптарға қарағанда 710 миллион адамның мүмкіндік болса басқа бір елге көшіп кеткісі келетіні,  66 миллион адамның бір жыл ішінде көшуді жоспарлағаны анықталды. 23 миллион адам болса осы мақсатта дайындықты бастап кеткен.

Сауалнама қорытындысына қарағанда,  көшіп кеткісі келетін адамдар барғысы келетін елдер АҚШ, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы, Франция, Канада, Германия және Оңтүстік Африка. Түркия осы тізімде 15-ші орында.  Ал көшіп кетуді ойлаған адамдар көбіне Нигерия, Үндістан,  Демократиялық Конго Республикасы,  Судан, Бангладеш және Қытайда тұрады.



Ұқсас жаңалықтар