Президент инвесторлармен кездесті

Ердоған кешегі АҚШ сапарында қырыққа жақын фирма басшысы және халықаралық фонд басшыларымен кездесті.

Президент инвесторлармен кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған кешегі АҚШ сапарында АҚШ-тық қырыққа жақын фирма басшысы және халықаралық фонд басшыларымен кездесті.

Президент Ердоған Премьер-министрлік Түркия инвестиция қолдау және таныстыру агенттігі координациясымен өткен кездесуде Американдық инвесторларды Түркиядағы инвестицияларын арттыруға шақырды.

Түркия экономикасына байланысты үкіметтің ықпалды саясаттарын АҚШ инвесторларына баяндау тұрғысынан кездесу өте маңызды.  Өткен наурыз және қыркүйек айларында АҚШ-та болған екі жиналыста да президент Ердоған халықаралық инвесторлармен бас қосқан болатын.

Кешегі кездесуде де американдық инвесторлар 16 сәуір күнгі референдумнан кейін қалыптасқан жаңа панорамада халықаралық инвесторлардың Түркиядағы инвестиция климатына, саяси тұрақтылығына және болашағына деген сенімдерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар