"Түрік экономикасы мықты"

Мехмет Шимшек Газиантеп қаласында іскерлермен бас қосты.

541105
"Түрік экономикасы мықты"

Вице-премьер Мехмет Шимшек Түркия экономикасының негізінің мықты екенін және жойқын шоктарға тойтарыс бере алатынын айтты.

Мехмет Шимшек Газиантеп қаласында іскерлермен бас қосты.

Баспасөзге жабық өткен жиналыстан кейін Шимшек журналистердің сұрақтарына жауап берді.

"Түркия халқымен бірге тұрақты, тыныш және дамыған ел. Еліміз жаһандық көлемде де беделді актер ретінде жолын жалғастырады" деді ол.

Вице-премьер Мехмет Шимшек Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымның төңкеріс әрекетінің ел экономикасына ықпалы туралы "Түркияның демократиясы мықты, болашағы жарқын, саяси тұрақтылығы бекем. Елімізді реформалар арқылы жарқын болашаққа жеткіземіз" деді.



Ұқсас жаңалықтар