Ыстанбұлдың экспорты 78 облыстың экспортынан асып кетті

33,7 миллиард доллар экспорт жүзеге асырды

116404
Ыстанбұлдың экспорты 78 облыстың экспортынан асып кетті

Түркия экономикасының жүрегі болып табылатын Ыстанбұл биылғы жылдың алғашқы жартысында 33,7 миллиард долларлық сыртқы сауда жүзеге асырып 78 облыстың экспортын жалғыз өзі көтерді.
Түркия экспортшылар мәжілісінің мәліметтеріне қарағанда Ыстанбұл экспортта бірінші орында. Одан кейінгі орындарда Бурса (6,7 миллиард доллар) мен Кожаели (6,1 миллиард доллар) бар. Ыстанбұл Бурса мен Кожели облыстарын қоспағанда қалған 78 облыстан жасалған 29,5 миллиард доллардан асып түсетін экспорт жүзеге асырды.
Ең көп экспортталған бұйымдар әзір киім мен текстиль салаларынан екені анықталды (6,9 млрд. доллар).
Қала ең көп Германияға экспорт жасаған екен (3,7 млрд. доллар). Одан кейінгі орындарда Ұлыбритания (2,2 млрд. доллар), Ирак пен Италия (1,5 млрд. доллар), Ресей (1,4 млрд. доллар), Франция (1,3 млрд. доллар) мен АҚШ (1 млрд. доллар) бар.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар