ТРТ Жөнінде

Түркия Радио Теледидар Мекемесі

Түркияда мемлекеттік қызметтегі хабар тарату деген кезде тұңғыш әрі жалғыз болу қасиеттеріне ие ТРТ 1964 жылғы 1 Мамыр күні құрылды.
1927 жылғы 5 Мамырда эфирлерін бастаған радио да осы кезден бастап ТРТ шаңырағы астына кірді. Түймесін басқан кезде немесе құлағын бұраған кезде бізді басқа әлемге тартатын радионың қасына 1960 жылдардың аяғында жаңа бір дос қосылды. Теледидар...Түркия теледидармен 1968 жылғы 31 Қаңтар күні тұңғыш рет ТРТ арқылы танысты. 81 жасар радио және 40 жасар теледидар хабар тарату арқылы ТРТ әрі республика тарихының жады, әрі тәжірибесі, жауапкершілік түсінігімен де бір сенім символы, бірлік пен тұтастықтың белгісі болды.
Алғаш қадам басқан жылдар әрине қиыншылықтар мен кемшіліктерге толы болатын. Алайда қызметкерлерінің барлық қиыншылықты жеңу ынтасы қысқа уақытта өз жемісін берді. Осылайша ТРТ түрік ұлтының жүрегінде ешқашан ортаймайтын орнын алды. Түркияның әрі хабар таратудың қыры сыры үйретілетін мектебі, әрі ең сенімді органы ретінде бүгінгі күнге жеткен ТРТ радио және теледидар хабарлары саласында ең табысты мамандарды да өз құрамында жетілдірді. Сондықтан бір бірінен әсем, алуан түрлі бағдарламалар да Түркияның теледидарында және радиосында жасампаз болды.
ТРТ радио мен теледидар саласында тек бір хабар тарату органы ретінде қалмады, сонымен бірге тамырлы білім ордасына да айналды.
Осы қасиеті тек маман жетілдіру тұрғысынан ғана емес, өзі хабар мен мағлұмат берген көрермендерінің ағартылуына бағытталған бағдарламалары тұрғысынан да бас тартылмас дәрежеде маңызды.
Міне, осыншама мағыналы да бас тартылмас қызметі бар ТРТ бейтарап, сенімді хабар түсінігі және мемлекеттік хабар тарату принцибінен шегінбестен сапалы бағдарламаларымен дүние жүзінің санаулы хабар тарату органдары арасындағы орнын алды.
Осы табысқа жеткізген факторларды негізінен төмендегідей тізіп айтуға болады:

Жауапкершілікті Және Сенімді Хабар Тарату

-АҚШ – Вашингтон, БЕЛЬГИЯ – Брюссель, МЫСЫР – Каир, АЛМАНИЯ – Берлин, СОЛТҮСТІК КИПР ТҮРІК РЕСПБУЛИКАСЫ-Никосия, ӘЗІРБАЙЖАН – Баку, ТҮРІКМЕНСТАН – Ашхабат, ӨЗБЕКСТАН – Ташкент және дүние жүзінің түкпір түкпіріндегі тілшілер… қысқаша айтқанда, Америкадан Еуропаға және Азияға, Орталық Шығыстан Кафказға дейін, көптеген маңызды орталықта кеңсе және өкілдіктермен ТРТ әрі Түркияның, әрі әлемнің көзі құлағы.
- Орталық Анкарамен бірге Стамбул, Измир, Анталия, Чукурова, Диярбакыр, Ерзурум және Трабзон аймақтық дирекцияларда әрқайсысы өз саласында маманданған тәжірибелі тілшілер, айырықша Түркияның түкпір түкпіріндегі жергілікті тілшілерімен хабар тарату торы...
- Дұрыс, бейтарап, сенімді хабар тарату түсінігімен тыңдармандары мен көрермендерінің көңілінде сенім маркасы...

Барлық Жастағылар Мен Түрлі Мәдениеттерге Бағытталған Бағдарламалар

-Білім ағарту, мәдениет, музыка-ойын сауық, балалар және спорттық бағдарламалар, дөңгелек үстелдер, деректі фильмдер, көркем фильмдерден тұратын сапары эфирлер... Халықаралық стандарттарға сай бағдарлама түрлілігімен, білімі, жасы және әлеуметтік экономикалық деңгейлері тұрғысынан түрлі көрермен қауымға жету және олар ұнатқан, олардың қолдауын алған бір орган болу...
- Төртеуі ұлттық көлемінде, екеуі халықаралық, бірі аймақтық барлығы жеті теле арнасымен әлемнің барлық жерінен қаралатын орган болу...

ТЕЛЕДИДАР АРНАЛАРЫ:

TРT 1: жанұя арнасы, 168 сағат
TРT 2: ақпарат, мағлұмат, мәдениет және өнер арнасы, 168 сағат
TРT 3:жастар және спорт арнасы, 54 сағат
TРT ГАП: Шығыс және Оңтүстік Шығыс Анатолы аймақтарына бағытталған эфирлер, 69 сағат
TРT 4:білім ағарту және музыка, 139 сағат
TРT ИНТ: әлем үшін телеарна 168 сағат
TРT ТҮРІК: Орталық Азия және Кафказға бағытталған арна 119 сағат

-Халықаралық жасанды серік және екі дана жер станциясымен Еуропа мен Азия хабар таратушылары арасында көпір қызметін атқаратын, ел және әлем күн тәртібіне байланысты соңғы оқиғаларды, өзі мүше болып табылатын ұлттық әрі халықаралық медиа органдары және хабар агенттіктері арқылы сол сәтте және барлық егжей тегжейімен хабарлау күшіне ие...
-ТРТ-ТҮРІК арнасында Кафказ және Орталық Азияға бағытталған бағдарламаларымыз арқылы қандастарымызға құшақ жаю, Түркия мен түрік азаматтарын таныстыру, Түркі Республикаларымен тіл және пікір бірлігін қалыптастыру, ұйымшылыдық пен бірлік сезімін арттыру, мәдени және сауда қарым қатынастарының жетілдірілуіне көмектесу…
-Әсіресе Еуропада өмір сүретін түріктерге бағыттап хабар тарату және әлемнің көптеген жерінде де қаралатын ТРТ-ИНТ арнасы арқылы шетелдегі түріктермен мәдени байланыстардың нығайтылуына үлес қосу. ТРТ-ИНТ.ті нығайтып, алдымыздағы кезеңде санаулы хабар арналарымен бәсекеге түсе алатын деңгейге жеткізу.

 

ТРТ.НІҢ ҚҰРЫЛЫП ЖАТҚАН ТЕЛЕДИДАР АРНАЛАРЫ

-Өзгеше тіл мен диалектілерде сөйлесетін азаматтарымызға және осы тілдерде сөйлейтін аймақ халықтарына хабар тарату қызметін беру...Осылайша осы азаматтарға қысым жасаған террористік ұйымдардың іс-әрекеттерін шектеуге көмектесу...Осы мақсаттармен Кырманчи және Заза тілдерінде хабар тарататын жаңа теледидар арнасын қалыптастыру ынталары...Парсша және арапша сөйлесетін халықтар мен еліміз арасындағы қарым-қатынастарды нығайту үшін осы тілдерде хабар тарату қызметін ұсыну...
-Түрік және әлем балаларына үн қата алатын, мықты «Балалар Арнасы» қалыптастыру жұмыстары...

РАДИОДА 81 ЖЫЛДЫҚ ТӘЖІРИБЕ

ТРТ радиолары төрт ұлттық, бес аймақтық радио арнасы және Туризм Радиосы арқылы тәжірибелі мамандары, музыканың түрлі саласында шырқайтын хорлары, қабілетті өнерпаздары, балалар және жастар үйірмелері, бай мұрағаты, компьютерлі трансляциялары, соңғы технология өнімдерімен жабдықталған студиолары, мықты беруші жихаздары және замандас хабар тарату стандарттарына сай бағдарламаларымен азаматтарымыздың жолдасы болуын жалғастыруда.

Радио Арналары

Радио 1. Білім ағарту, мәдениет, ақпарат арнасы. Өмірге байланысты барлық тақырып талқыланған бағдарламалары және әр сағат сайынғы ақпарат бюллетеньдерімен 81 жылдан бері тыңдарманның бас тартылмас радиосы.
Радио 2 (ТРТ ФМ):Түрік классикалық музыкасы, түрік халық әндері және эстрадалық әндер шырқалатын музыка арнасы.
Радио 3: Классикалық музыка, джаз және опера. Радио 4: Түрік халық музыкасы және түрік классикалық музыкасы.
Радионың төрт ұлттық арнасы да Түркияның барлық жерінен және интернет арқылы 24 сағат әлемге трансляция жасауда.
5 аймақтық радио трансляциясы: Трабзон Радиосы, Ерзурум Радиосы, ГАП –Диярбакыр Радиосы, Анталия Радиосы, Чукурова Радиосы. Туризм Радиосы да эфирлерімен әрі түрік туризміне, әрі еліміздегі туристерге қызмет ету секілді маңызды міндетті атқаруда.

Дүние Жүзіне 29 Тілде Радио Таралымы

Шетелдегі түріктердің елдерімен байланысын қамдайтын және түрікшені де қосқанда 29 тілде таралымы бар Түркия Үні Радиосы (TSR – VOT) елдің және әлемнің түкпір түкпіріне жетеді. Түркия Үні ағылшынша, французша, немісше, арапша, испан тілінде, италиян тілінде, албан тілінде, босняк тілінде, болгар тілінде, серпше, румынша, хорватша, венгр тілінде, македон тілінде, грекше, орысша, қытайша, әзірбайжан тілінде, парсша, грузинше, урду тілінде, дари тілінде, пешту тілінде, өзбекше, татарша, түрікменше, қырғызша, қазақша және түрікше эфирлерін әлемнің барлық жеріне қысқа толқын, жасанды серік және интернет арқылы әрі ортақ эфирлер арқылы ФМ арқылы жеткізуде.

Әлемге Құшақ Жайған Хабар Тарату Торы

Хабар тарату саласындағы барлық жаңа медиа қызметтерін тез арада қабылдайтын, бұрыннан келетін мағлұмат, тәжірибелерімен күн өткен сайын «болашаққа қол жеткізген мықты және сенімді» бір хабар тарату органы.
Хабар тарату саласындағы осы үлкен тәжірибе техникалық инфрақұрылымымен де бүгінгі жағдайында таңқалдырады. 61 мега ваттық теледидар, 22 мега ваттық радио беруші жихазы инфрақұрылымымен Түркиядағы барлық жеке меншік арналардың күшінен де мықты, ел ішіне әрі шетелге жариялануда.
ТҮРІКСАТ 2 А және ТҮРІКСАТ 1 С /3А/ жасанды серіктері арқылы, мекемеміздің радио және теледидар эфирлерін сандық ортаға жеткізетін екі дана жер станциямыз бар. Айырықша бірі Берлин кеңсесінде барлығы 42 теледидар эфир және түсіру студиосы, теледидар эфирлерін экрандарымызға жеткізетін 9 тікелей эфир көлігі, 15 режиссерлік жүйелі жылжымалы теледидар серік жүйелері, Түрікменстан мен Диярбакырда режиссер жүйесі жоқ жылжымалы серік жихазы, Анкарада бір радио серікті репортаж жүйесі, 55 радио студиосы, 9 тұрақты теледидар және радио серікті жүйе, 5 радио тікелей эфир және репортаж көлігі, 6 жылжымалы генератор көлігіне ие бір ТРТ.
Анкара, Стамбул және Измир қалаларынан сандық теледидар эфирлері сынақтары 24 сағат үздіксіз жалғастырылуда.

Интернетте Де ТРТ

- Сандық заманда көрермендерінің үміттерін ақтау және технологиялық мүмкіндіктерді хылаққа ұсынғысы келетін ТРТ осы салада да өте маңызды жобаларды жүзеге асырды. 1999 жылғы 1 Мамыр күні www.trt.net.tr атты интернет беті қолданыла бастады. Әлем көлеміндегі интернет қолданушылардың ТРТ эфирлеріне қол жеткізуін қамдау мақсатымен радио және теледидар эфирлерін тікелей интернет жүйесіне ұсынды. Айырықша Түркиядан әрі дүние жүзінен ақпараттар, экономика және қаржы нарықтарындағы оқиғалар, ауа райы, спорт жаңалықтары, радио және теледидар бағдарламаларының тізімі веб бетінің маңызды қызметтері арасында.

ТРТ МҰРАҒАТЫ – ТҮРКИЯНЫҢ КӨРІНІСТІ ӘРІ ДАУЫСТЫ ЖАДЫ

-Республиканың барлық маңызды сатыларына куә болған, республикамен бүтіндескен бір мекеме туралы айтылғанда, әрине еске бірден бай мұрағат түседі. ТРТ тек көріністі дауысты материалдарды бір жерде жинап қана қоймайды, сонымен бірге әлемнің ең ауқымды технологияларын қолданып, ұзын тарихы бар радио теледидар мұрасын сақтауда. әртүрлі кезден қалған, әрі түрлі қалыптағы осы материалдар, мазмұны тексеріліп, түзелтіліп, сандық жүйеге беріледі.

ТРТ Маркет

-ТРТ Маркет, ТРТ.нің мұрасы жағдайындағы бағдарламаларын әрі музыкалық туындыларын көріністі, дауысты және баспа өнімдері түрінде халыққа ұсынуда..

АУҚЫМДЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫ ІС-ШАРАЛАРДА ТРТ ҚОЛТАҢБАСЫ

-ТРТ Халықаралық 23 Сәуір Балалар Фестивалі секілді өте ауқымды іс- шара арқылы барлық түс, тіл және діннен әлем балаларын тап отыз жылдан бері он күндік мерзімге Түркияда қонақ қылып, әлем бейбітшілігіне маңызды үлес қосып келеді.
- Евровидение ән сайысы, әлем кубогы, олимпиадалар, Әлем Универсиада Ойындары секілді халықаралық іс –шараларда тағы да ТРТ қолтаңбасы.
Қысқа мерзімді үзілістен кейін Әлем Кубогы қайтадан ТРТ экрандарында. Футболсүйгіш қауым 2010 және 2014 жылғы Әлем Кубоктарын ТРТ.нің айырмашылықтарымен тамашалайды, әрине олимпиаданың да барлық түстерін спорттың өзгермес мекені ТРТ.де таба аласыз.
- Хабар тарату саласындағы барлық жаңа медиа қызметтерін тез арада қабылдайтын, бұрыннан келетін мағлұмат, тәжірибелерімен күн өткен сайын «болашаққа қол жеткізген мықты және сенімді» бір хабар тарату органы.
Басқаша айтқанда Түркияның әлемге, әлемнің Түркияға ашылған терезесі. Міне, осы ерекшеліктерді тек мына үш әріппен айтуға болады: ТРТ.

МҮШЕЛІКТЕР

EBU -Europen Broadcasting Union (Еуропа Хабар Тарату Одағы)
ABU –Asia-Pacific Broadcasting Union (Азия-Тынықмұхит Хабар Тарату Одағы )
HFCC/ASBU -International High Frequency Broadcasters Coordination Group ( Қысқа Толқын Хабар Таратушылары Координация Тобы)
ABU-HFC ABU High Freguency Broadcasters Coordination Group (ABU Қысқа Толқын Хабар Таратушылары Координация Тобы )
IMC International Music Council (Халықаралық Музыка Кеңесі)
EIM European Institute of Media UNESCO Turkish National Committee Turkish National Council of Press (Еуропа Медиа Институты ЮНЕСКО Түрік Ұлттық Комитеті Түрік Ұлттық Баспасөз Кеңесі)
CMCA (Centre Méditerranéen de la Communication Audioviseulle (Жерорта Теңізі Көріністі Дауысты Коммуникация Орталығы)