ТРТ Жаңалық

Түркия Радио Теледидары Мекемесі Жаңалықтар

Нысаналар

Түркия Радио Теледидары Мекемесінің жаңалықтары қоғамның елде және әлемде болып жатқан экономикалық, ғылыми, техникалық, өнер және мәдени іс-шаралары жайлы әрдайым, дұрыс, жылдам және жеткілікті хабар алуын; 
Қатысушы демократия мен құқықтың үстемдігіне сай қоғамның дұрыс мағлұматтарды білуі, мінсіз және еркін хабар алуы, демократиялық қоғамда көпшілдіктің дәріптелуін; 
Талас-тартысқа және түрліше көзқарастарды білдіруге мүмкіндік беретін актуальді тақырыптарда түрліше бағаландырылған мәселелерде қоғамның мағлұмат алуына көмекші болуды нысанаға алуда.

Хабар Таратудың Принциптері

  • Жаңалық пен оқиғаларды жылдам және дұрыс жеткізу. Қажет деп табылғанда ішкі және Түркияға байланысты сыртқы оқиғалар жайлы мамандардың бағаландыруларына мүмкіндік беру.
  • Түркия Республикасының ұлттық ұйымшылдық пен әділет түсінігі аясында адам хақына құрмет көрсететін, демократ, зайырлы және әлеуметтік бір құқық мемлекеті бейнесін күшейтетін көзқарастарға кең орын беру.
  • Түркияда, Түрік республикалары мен қоғамдарында, әлемде болған оқиғаларға хабар бюллетеньдерінде замандас ақпарат түсінігімен бейтарап түрде орын беру. Маңызды оқиғалар жан-жақты талқыланатын хабар бағдарламаларын дайындау. Қоғамда қате түсінік туғызатын, арандатушылыққа жол ашатын хабар мен хабар бағдарламаларына орын берілмейді.
  • Хабар бюллетеньдері мен хабар бағдарламалары заңдар аясында, Атазаңдық ұйым мен мекемелер арасында айырмашылық жасалмай бейтараптық, туралық және жылдамдық принциптеріне сәйкес түрде мүмкіндігінше радио мен теледидарға арнап бөлек-бөлек хабар дайындау.
  • Мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік іс-шаралары жайлы азаматтардың көзқарасын да көрсететін бағаландыруларға және пайымдарға орын беру.
  • Халықаралық хабар тарату ұйымдарымен қарым- қатынастарды жетілдіре отырып, сырттан келген ақпараттардың жергілікті хабар агенттіктері және Түркия Радио Теледидары Мекемесінің ақпарат көздері тарапынан расталуына тырысу. Жаңалықтарды агенттіктерден келген күйінде емес, замандас хабар таратудың талабы ретінде бағаландырылғаннан соң жариялау.
  • Түркия Радио Теледидары Мекемесінің хабар бюллетеньдері мен хабар бағдарламаларында Түркия мен барша әлемге қатысты немесе замандас қоғам азаматтарын қызықтыратын оқиғаларды қоғамға бейтарап түрде жеткізу.
  • Барлық хабар бюллетеньдері мен хабар бағдарламаларында ақпарат құралдарының ерекшелігіне сай баяндау әдістері бағаландырылады, хабар бюллетеньдерінде алдын-ала белгілі тұжырымдардың орнына тілшілердің оқиғаларды тікелей трансляциямен динамикалық түрде жеткізуі қамдалады. Теледидарда көрініс, эфект, графика және мультипликацияға салмақты орын беру. Тақырыпқа байланысы жоқ көріністерді жарияламау. Мұрағат көріністері қолданылған кезде міндетті түрде “мұрағаттан алынды” деген сілтемеге орын беру.
  • Жаңалықтарда пайымдаулар мен бағаландыруларға орын беру. Хабар бюллетеньдерінде бүгінгі әрі келешектегі халықаралық қарым-қатнастарға зиян тигізетін саяси және идеологиялық пайымдарды жарияламау, жаңалық пен бағаландырулардың қайнар көздерін мәлімдеуге көңіл бөлу.
  • Сан жағынан аз адамға немесе шағын аймаққа байланысты іргетас қалау, беташар мерәсімі, диплом тапсыру және тағы да басқа тақырыптардағы хабарларды осы іс-шараларға қатысы бар аудиторияны назарға алып дайындау.
  • Саяси жаңалықтар мен хабар бағдарламаларында обьективтік, шындық және актуальдік принциптеріне бағыну. Саяси партиялардың мәлімдемелерін қысқартқан жағдайда болса, мәлімдеменің мақсаты мен мазмұнынан шықпау.
  • Бір жақты ақпарат жарияламау. Бір саяси партияның, белгілі бір топтың, белгілі бір сенім немесе ойдың жақтастарының мүддесіне құрал болмау. Сот үкімі шықпайынша ешкімді қылмысты деп жарияламау.
  • Саяси, экономикалық және әлеуметтік іс-шараларда халықтың реакциясының анықталып, қоғамға жариялануы, сұхбат, форум, конференция секілді іс- шараларға орын беру.

Түркия Радио Теледидары Мекемесі Жаңалықтар жөнінде көлемді мағлұмат алу үшін: www.trthaber.com