ТРТ ТҮР Жөнінде

ТАРИХЫ

 

Түркияда радио арқылы алғашқы сыртқы эфирді, 1937 жылдың 8-ші қантар күні Анкара Радиосы жүзеге асырды. Эфирде Хатай мәселесіне қатысты Бас Министр Исмет Инөнүдің жолдамасы арап тіліне көшіріліп берілді.

Осы эфирдің Сирия, Искендерун уалияты және төңірегіндегі ықпалына байланысты Стамбул радиосынан «Арап тілінде жаңалықтар» атты бағдарлама беріле бастады.

Түркия радиоларында жүйелі түрде сыртқы эфир қызметі 1938 жылдың 28-ші қазан күні 20 киловаттық таратқыштармен түрікше, ағылшынша, французша және немісше болып төрт тілде жүргізіле бастады.

II-ші дүниежүзілік соғыс кезінде «Қысқа толқын Анкара радиосы» бейтарап эфирлерімен әлем радиолары арасында назарға түсті.

1943-1949 жылдары арасында Америка, Батыс Европа, Қиыр Шығыс және Аустралияға дейін хабар таратуға мүмкіндік туды.

Сыртқы эфирдегі тағы маңызды бір кезең 1949-1958 жылдар аралығы болып табылады. Осы жылдарда Түркия НАТО-ға кірді және Корея соғысына қатысты. Батыс әлемімен байланыстары нығая түсті.

Құрылған күнінен бері «Қысқа толқын Анкара радиосы» атымен жүргізілген сыртқы эфирлер 1963 ж қантар айынан бастап, «Түркия үні радиосы» деген атпен жүргізілуде.

Түркия үні радиосы 1964-жылдың 1-мамырында Түркия Радио Теледидары мекемесінің (ТРТ) құрылуымен бірге ТРТ құрамында хабар тарата бастады.
 

ТҮРКИЯ ҮНІ

Бүгінгі таңда Түркия радио теледидары мекемесінің шетелге бағытталған радио хабарларын тарату қызметі Түркия үні арқылы жүргізіледі.

Сыртқы эфирлер бөлімшесі төрағалығының жауапкерлігіндегі Түркия үні (VOT), күн сайын түрік тілінде, неміс тілінде, арап тілінде, албан тілінде, әзірбайжан тілінде, қытай тілінде, босния тілінде, болгар тілінде, дари тілінде, парсы тілінде, француз тілінде, грузин тілінде, хорват тілінде, ағылшын тілінде, испан тілінде, италиян тілінде, қазақ тілінде, қырғыз тілінде, венгр тілінде, македон тілінде, пушту тілінде, румын тілінде, орыс тілінде, серб тілінде, татар тілінде, түрікмен тілінде, Урду тілінде және грек тілінде барлығы 29 тілде хабар таратады.

Түркия үні эфирлері қысқа толқын таратқыштар, жерсерігі және интернет арқылы әлемнің барлық жеріне жеткізеді. Түркия үні жергілікті FM радио арналары арқылы да тарату байланыстарын кеңейте отырып, тыңдармандарына жақындау және эфирдің жергілікті мазмұнын арттыруды көздейді.

Бейтарап, сенімді және жылдам хабар таратуды принцип қылып алған Түркия үні әр жастан тыңдарманға арналған тартымды және қызық бағдарламаларымен өзін дамыта келіп, әлемнің сенімді ақпарат көзіне айналып орнын мықты қылуда.

Хабар мен хабар бағдарламалары, мәдениет, өнер және музыкалық бағдарламалары кең орын алған эфирлерімен Түркия және түрік халқы жан-жақты танытылады. Түркияның аймақтық ынтымақтастығын алға шығарған, көршілерімен жақсы қарым-қатынастарын дамытуға бағытталған саясатына сайкес эфирлерде бейбіт және мәдени ынтымақтастық тақырыптарын алға шығарады.