Жаңа музыкалық аспап жасап шығарылды

Оған "Түрік бірлігі" деген есім берілді.

1106193
Жаңа музыкалық аспап жасап шығарылды

Әзірбайжанда жаңа бір музыкалық аспапқа Түркі әлемі бірлігі деген есім берілді.

Нахчыванда Ыхтияр Сейидов тамбур,  саз және ченги музыкалық аспаптарын бір аспапта бірлестіріп шықты.  Оған түркі әлемі бірлігі деп есім берді.

Жаңа музыкалық аспап мұражайда көрмеге қойылды.

Әзірбайжанға қарасты Нахчыван автономдық республикасында өмір сүретін шебер Ыхтияр Сейидов түріктің бірнеше аспабын бірлестіріп,  жаңа аспап жасап шығарды.  Түркі әлемінің бірлігі деп аталған аспап Нахчывандағы Байырғы музыкалық аспаптар мұражайына қойылды.

Түркия және басқа да түрік республикаларынан келушілер мұражайдағы сирек кездесетін жәдігерге қызығушылық танытты. Сейидов болса осындай ықыласқа дән риза.

Шебер осындай музыкалық аспап жасап шығару арқылы түркі әлемін бірлікке шақырғанын айтады.  «Үш аспапты бірлестірудегі ниетім – әлемдегі бүкіл түрік мемлекеттеріне тамырлас екендерін еске салу.  Бүкіл түрік елінің бірлік болуын қалаймын» деді ол.

Ол түркі әлемінде музыканың орнының үлкен және ерекше екенін,  түркі әлемінде талай ұлы музыка шеберлерінің,  әнші, ақындардың болғанын айтты.  «Нахчыванға әлемнің кез-келген жерінен түбі бір түркі әлемінің өкілі келсе,  мұражайға барса,  осы аспапты таныстырып,  өзім шағын концерт беремін. Барлығы риза болып,  менімен суретке түседі.  Мұражайға келгендердің алдымен осы аспапты көруге ынтық болып тұратыны мені қуантады» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар